Қазақстанда маска тағу режимі қайтарылуы мүмкін бе? ДСМ жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда маска тағу режимі қайтарылуы мүмкін бе? ДСМ жауап берді

Қазақстанда маска тағу режимі қайтарылуы мүмкін бе? ДСМ жауап берді

Қазақстандықтарды омикронның жаңа түріне байланысты қайта бетперде тағуға міндеттеу жоспарда бар ма? Сұраққа денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жауап берді.

  • 18 Мамыр 2022
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің басшысынан "стелс-омикрон" штамына байланысты Қазақстанда маска тағу режимін қайтару жоспары туралы сұралды.

"Бүгінде маска тағу режимін енгізуге негіз жоқ. Бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады", — деп жауап берді Ғиният.

Ақпанның басында ДДСҰ мамандары омикронның жаңа балама түрі — "стелс-омикрон" штамы таралып жатқанын 
ескертті
, оны "қолда бар сынақтардың көмегімен анықтау өте қиын". Штамм алғаш рет Африка құрлығының бес елінде анықталды: Ботсвана, Кения, Малави, Сенегал және Оңтүстік Африка.

13 мамырда Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда "стелс-омикрон" анықталғанын хабарлады.