"Абай да көп әйелге ғашық болған шығар? Неге осы жағын зерттемеске" - Анна Құдиярова - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абай да көп әйелге ғашық болған шығар? Неге осы жағын зерттемеске" - Анна Құдиярова

"Абай да көп әйелге ғашық болған шығар? Неге осы жағын зерттемеске" - Анна Құдиярова

Психоанализ Институтының директоры Анна Құдиярова Ұлы Абайдың ғашық болуын неге зерттемеске деген пікір білдірді, ол Пушкиннің 113 махаббаты болғанын да алға тартты.

  • 23 Мамыр 2022
  • 1435
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен Абайды Шәкәрім арқылы таныдым. Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерін зерттеп жүрген кезде оның ұстазы — Абай Құнанбаев туралы неге зерттемеске деп ойладым.

Абай — қасқайып тұрған ескерткіш қана емес, ол мінсіз әрі мұңсыз тұлға емес: көзі тірі кезінде ол қуаныш, қайғы, өкпе-реніш, жақсы көру, жек көру сияқты адам баласына тән сезімдердің бәрін өз басынан өткізді. Сондықтан оның әртүрлі қырларын толық қабылдай білуіміз керек.

Мысалы, Абай ер адам ретінде кім? Пушкин өзінің әйелі 113-ші махаббаты екенін жазған және халқы оны осы үшін жек көріп кетпеген, керісінше мақтан тұтқан. Оны сондай болмысымен қабылдаған. Одан мінсіз тұлға жасап алмаған. "Менің апамды/әжемді осындай ұлы тұлға жақсы көрген" деген сияқты мақтаныш сезімі болған.

Ал Абай туралы мұндай ақпарат неге жоқ? Ондай ақылды, білімді, парасатты адамға ғашық болған қыз-келіншектер аз болмаған шығар? Мүмкін ол да көп әйелге ғашық болған шығар? Неге осы жағын зерттемеске? Әлде мұны кемшілік деп қабылдап, ол жағын зерттемей қоюды жөн санаймыз ба?

Мен диссертациямды Шәкәрім тақырыбына арнасам, алғашқы шәкіртіме диссертацияны Абай тақырыбында қорғатқанмын.

Тәуелсіздік таңы атып, ұлттық рухымыз ояна бастаған кезде, сонау 2000 жылдары өз қаражатыма ұлттық гимназия ашып, оның қабырғасында оқитын оқушыларға Абай мен Шәкәрімді оқытқанмын. Сіздерді де Абайды оқуға, Абайды зерттеуге шақырамын.

Өкінішке қарай, менің YouTube парақшамдағы Абай туралы видеожазбамды 500-ден астам адам ғана қараған. Эх… Абай тұлғасына деген қызығушылық осындай ғана ма?", — деді Анна Құдиярова.

Естеріңізге салсақ, 2019 жылы Анна Құдиярова Caravan.kz медиа порталының тілшісіне сұхбат беріп,
"Азаматтық неке қазақта бұрыннан болған. Абайдың өзі бірнеше қызды бүлдірген"
деп сұхбат берген болатын.