"Енді шегіртке емей не болдық": Саят Медеуов аузына келгенді айтып, желіге жүктейтінді жүгендейтін заң шығаруды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Енді шегіртке емей не болдық": Саят Медеуов аузына келгенді айтып, желіге жүктейтінді жүгендейтін заң шығаруды талап етті

"Енді шегіртке емей не болдық": Саят Медеуов аузына келгенді айтып, желіге жүктейтінді жүгендейтін заң шығаруды талап етті

Танымал әнші  Саят Медеуов боқауыз, анайы сөздермен фильм, вайн түсіріп, әңгіме, ән, анекдот айтып интернетке жүктеп жүргендерді тоқтататын арнайы заң шығаруды талап етті.

  • 23 Мамыр 2022
  • 6183
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Бір кездері шегіртке деп кемсіткенде, өре түрегеліп айғай салдық. Ал, менің өнердегі кейбір әріптессымақтарымның істеп жүргеніне қарасам, “енді шегіртке емей не болдық. Менің қатарымдағы жасы елуге таяп қалған кейбір бауырларымның қылығы қарынды аштырады. Ырбың-жырбың, түкке тұрғысыз әңгіме, аузынан ақ ит кіріп көк ит шыққан былапыт сөз. Елуде ел ағасы болып бата беретін жасқа келдіңдер ғой"- деді әртіс.

"Бүгінгі құлқынның құлы үшін сайқымазақ болып жүргендеріңді ертең қартайғанда немере-шөбереңе қалай түсіндіресің? Қай бетіңмен оларға ақыл айтасың? Олар сайқызмазақ, аузының дуасы жоқ шалды тыңдай ма? “Атан түйе құтырса жұт болады”- деуші еді ақсақалдар. Бүгін танымал болудың ең оңай жолын таңдағанмен, ертеңгі күнімізді неге ойламаймыз? Құрметті президент мырза және депутаттар, ұрпақтың болашағын ойласақ, қазақы құндылықтары сақталған ұлт боламыз десек, бүгінгі бетімен кеткен әлеуметтік желіні ретке келтіру керек"- деп Саят Медеуов наразылығын білдірді.

Оның айтуы бойынша аузына келгенді айтып интернетке жүктейтінді жүгендейтін заң шығару керек. "Ол үшін тәрбиелі, санасы ояу, білімді ұрпақтың болашағы маңызды. Елдің ертеңін ойласақ барынша бөлісіп, жоғарыға жеткізейік", деп жазды әнші.