Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға кеше кешкісін болған. №2 мектеп-лицейінің қызметкері нысанның ескі ғимаратында екінші қабаттағы терезенің алдынан күдікті затты байқап, дереу полицияға хабар берген. Қалалық білім бөлімі берген ақпаратқа сенсек, табылған зат сымдары бар темір қалбыр, яғни қолдан жасалған жарылғышқа ұқсайды. Оқиға орнына жеткен полицейлер мен арнайы мамандар, оны сыртқа алып шығып, мектеп ауласында жару жайлы шешім қабылдайды. Абырой болғанда, сол уақытта білім ошағында оқушылар болмаған. Ал мұғалімдер мен қызметкерлер дереу қауіпсіз жерге шығарылған.
Полиция департаментінің мәліметінше, жарылғыш затты мектептегі оқушы қыздардың бірі әзірлеген. Алдын ала ақпарат бойынша ол бұны аталған білім ошағында оқығысы келмегені үшін жасаған. Мәселені біздің тілшілер назарда ұстайды.