Тоқаев: Қырғызстан – Қазақстанға барлық жағынан ең жақын ел - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев: Қырғызстан – Қазақстанға барлық жағынан ең жақын ел

Тоқаев: Қырғызстан – Қазақстанға барлық жағынан ең жақын ел

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елге ресми сапармен барды

  • 26 Мамыр 2022
  • 22
Фото - Caravan.kz

 Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Ақорда-ға сілтеме жасап. 

Тоқаев бауырлас Қырғыз Республикасына ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Садыр Жапаровқа ризашылығын білдірді.

"Мен сіздің шақыруыңызды зор ризашылықпен қабыл алдым. Бұл сапардың мәні ерекше. Осы маңызды сапар елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына зор серпін беретіні сөзсіз. Соның арқасында стратегиялық серіктестігіміз де нығая түспек. Қырғызстан – Қазақстанға барлық жағынан ең жақын ел. Оны күмәнсіз айтуға болады", — деді ол.

Биыл екі елдің дипломатиялық қатынас орнатқанына 30 жыл толып отыр. Президент осы кезеңде ынтымақтастық аясы барынша кеңейіп, екі елдің достығы нығая түскенін атап өтті.

"Біз барлық деңгейде өзара сенімге негізделген саяси диалог орнаттық. Мемлекетаралық, парламентаралық және үкіметаралық кеңестеріміз бар. Сондай-ақ, сыртқы істер министрліктері ықпалдаса жұмыс атқаруда. Қазақстан тек Қырғыз елімен осындай тығыз байланыс орнатқанын ерекше атап өткім келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Садыр Жапаров өзінің шақыруын қабыл алып, Қырғызстанға ресми сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ Қазақстан президентінің бұл сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап өтті.


"Біз – ынтымақтастығы жарасқан бауырлас елдерміз. Екі ел арасында, тіпті өңірлеріміздің деңгейінде де ешқандай түсінбестік болған емес. Толықтай достық рухта бірге дамып келеміз", – деді Қырғызстан президенті.

Перейти к новостям спорта