“Баянды сүйдім бәрінен айырылдым” - Тұрсын Алагөзов - kaz.caravan.kz
  • $ 533.61
  • 621.07
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Баянды сүйдім бәрінен айырылдым” - Тұрсын Алагөзов

“Баянды сүйдім бәрінен айырылдым” - Тұрсын Алагөзов


Белгілі продюссер Баян Мақсатқызының күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов сүйіктісіне қол жеткізу үшін барлығынан бас тартқан.

Ол бұл туралы журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.

  • 1 Маусым 2022
  • 4984
Фото - Caravan.kz

Өмір — ақылға қонатын немесе қонбайтын шешімдер деп бөлінбейді. Мен ол адамды жақсы көріп қалдым. Ештеңе істей алмадым. Сүйіктім үшін барлығынан бас тарттым. Баянсыз өмір сүре алмайтынымды түсіндім,
— дейді Тұрсын Алагөзов.

Ол қазір бұрынғыдай байлығы жоқ екенін, қазір ел қатарлы өмір сүріп жатқанын айтты.
Ешқандай дүние-мүліктің жоқтығы да оңай екен. Осы күні ешкім алдынан жүгіріп шығып есік ашпайды. Бірақ одан өмірім жаман болып кеткен жоқ. Таңертең жүгіріп спортпен айналысамын. Бос уақытым көп,
— дейді кәсіпкер.

Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызы алты жылдан бері бірге тұрады.
Бұған дейін Баян Мақсатқызының "Бұрынғы күйеуім бостандыққа шығып, үйленгенін қалаймын" деп айтқанын жазғанбыз.