Украинадағы қақтығыс салдарынан әлемде 13-15 млн адам аштыққа тап болады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинадағы қақтығыс салдарынан әлемде 13-15 млн адам аштыққа тап болады

Украинадағы қақтығыс салдарынан әлемде 13-15 млн адам аштыққа тап болады

БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы Украинадағы қақтығысқа байланысты әлемде шамамен 13-15 миллион адам аштық шегіне жетуі мүмкін деп болжайды. Бұл туралы ұйымның Ресеймен байланыс жөніндегі директоры Олег Кобяков айтты.

  • 2 Маусым 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Егер аштық статистикасының динамикасын алатын болсақ, пандемияға дейінгі 2019 жылы әлемде 690 миллион адам аштыққа тап болды. Келесі жылы бұл көрсеткіш 811 миллионға жетті. Бұл 120 миллион адам азық-түлікпен қамтамасыз етілу жағдайынан аштыққа дейінгі шектен өтіп кетті. Біздің болжамымыз бойынша биыл Украинадағы әскери іс-қимылдарға байланысты бұл көрсеткіш тағы 13-15 миллион адамға көбейеді", — деді Кобяков.

Оның айтуынша, әсіресе, аштық аймағында болған және дағдарыстан енді ғана шыға бастаған елдерде жағдай ушығады. Қарулы қақтығыстар, пандемия, экономикалық сілкініс, табиғи апаттарды бастан кешірген мемлекеттерге де қиын болады, деп түсіндірді ол.