Тоқаев қазақстандықтарды алда не күтіп тұрғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев қазақстандықтарды алда не күтіп тұрғанын айтты

Тоқаев қазақстандықтарды алда не күтіп тұрғанын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын жақын арада қандай өзгерістер күтіп тұрғаны туралы сұраққа жауап берді.

  • 5 Маусым 2022
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Алда ауқымды жұмыс бар. Біз бүгін дауыс беріп отырған Конституция нормаларын жүзеге асыру, заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Атап айтқанда, партияларға, Парламентке қатысты заңнамаларға. Менің ойымша, біздің Парламент бұл жұмысты абыроймен атқарады", — деді Президент Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс бергеннен кейін журналистер сауалына жауап беріп.

Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға енгізілген жаңалықтар еліміздің қоғамдық өміріндегі үлкен өзгерістерді көздейтінін атап өтті.


"Шын мәнінде мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастар парадигмасы өзгеріп жатыр, адам құқықтары бірінші орынға шығады. Бұл өте маңызды. Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесі мүлде жаңа мағынаға, жаңа форматқа ие болып отыр. Бұл орган да біз үшін жаңа", — деп қосты ол.

Перейти к новостям спорта