Экс-министр Біртанов өз ісін қарап жатқан судьяға қарсылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экс-министр Біртанов өз ісін қарап жатқан судьяға қарсылық білдірді

Экс-министр Біртанов өз ісін қарап жатқан судьяға қарсылық білдірді

Экс-министр Елжан Біртановтың адвокаттары істі қарап жатқан судьяға қарсылық білдірді.

  • 10 Маусым 2022
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл айыпталушы тараптың осымен екінші наразылығы. Бұған дейін, яғни 26 мамырдағы сот отырысында "тергеуде олқылық жіберді" деп екі прокурорды істен аластатуды сұраған болатын. Ол арызы қанағаттандырылған жоқ. Істі басқа судья жүргізсін деген талабы да орындалмады.

Елжан Біртановқа әуелі "ірі көлемде бюджет қаржысын талан-таражға салды" деген айып тағылған. Кейіннен денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттандыру платформасын жарамсыз болса да қабылдап, "іске қосқаны үшін" де жауап беруге тиіс делінді. Ал айыпталушы ел үкіметі пен бас прокуратураға шетелдік компания арқылы жасалған платформа жұмысына қатысты келісім-шарттарды қайта тексеру қажет деді.

"Қазір біздің іс туралы жаңалықтар халықаралық баспасөзге шығып жатыр. Себебі өзімнің фэйсбук парақшамда бәрін жарияладым. Швеция мен Қазақстан арасындағы келісімшартқа қатысты, Эриксон компаниясы туралы түрлі-түрлі ақпарат шығып жатыр. Мен жарты жыл бұрын, сот басталмай тұрып Қазақстан үкіметіне осыны тексеруді ұсынған болатынмын", — деді айыпталушы Елжан Біртанов.


Айта кетері, бұрынғы денсаулық сақтау министрі 2020 жыл күдікке іліккен болатын. Тергеу екі жылға созылды.