Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Жігітім деп көрсеткен ер азамат дүнген ұлтының өкілі болып шықты. Олар екеуі де қазақтың ұлттың киімін киіп, салт дәстүр бойынша орамал салып, келін болып түскен сәтін көрсеткені үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды. Себебі бір топ қазақ жігіті салт-дәстүрді қорлағаны үшін оларды қыспаққа алған.
"Барша халықтың алдында кешірім сұраймын, қазақтың ою-өрнегі бар көйлегін киіп, видео жариялағаным үшін. Дүнген халқының атынан басымдын идім.",- деді жас жігіт.
Дегенмен видео ұлттық дәстүрді күлкіге айналдыру үшін түсірілген бе, әлде шынайы көрініс пе белгісіз күйде қалды.Еске салсақ, кеше әлеуметтік желіде трансгендер Амилайдың басына ақ жаулық тағып, келін боп түскен видеосы тараған болатын. Онда үстіне камзол киген әлдебір әжелер де бар.
Желі оқырмандары: "Мәссаған","сеніп қалған едім","Бақытты бол","Пранк өтпей қалды ","Жындысыңдар ғой",Мына балаға қанша айттық қой еркекше киін деп",- деп пікір қалдырды.
Posted by Жалхожаева Фарида on Sunday, June 12, 2022