Нұр-Сұлтанда салықтан жалтарғандар бюджетке 490 млн теңге залал келтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда салықтан жалтарғандар бюджетке 490 млн теңге залал келтірген

Нұр-Сұлтанда салықтан жалтарғандар бюджетке 490 млн теңге залал келтірген

2020-2021 жылдар аралығында көлеңкелі экономика саласында ауыр қылмыстар жасаған бір топ тұлға ұсталды.

  • 13 Маусым 2022
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚМА елордалық департаментінің мәліметінше, Азамат Хан В.В. басқарған қылмыстық топ өз клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында бақылаудағы 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактуралар жазып берген. Олар өз әрекеттерімен мемлекетке 490 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде зиян келтірген. «Сот басты айыпталушы Хан Виталий Васильевичті нақты мерзімге — 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан екі адамды шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді, оның ішінде шот-фактураларды беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды», – делінген мәліметте. Төленбеген салықтар камералдық бақылау және салықтық тексеру аясында барлық контрагенттерден өндіріп алынатын болады.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/549427-elordada-saly-tan-zhaltar-andar-byudzhetke-490-mln-te-ge-zalal-keltirgen


Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz