Қазақстанда Ұлттық құрылтай құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Ұлттық құрылтай құрылды

Қазақстанда Ұлттық құрылтай құрылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда Ұлттық құрылтай құрылды.

  • 15 Маусым 2022
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды", — делінген хабарламада.

Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері белгілі болды.

"Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері:

— қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;

— жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;

— өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру", — делінген хабарламада.


Президент Жарлығының толық нұсқасы "Ақорда" сайтында жарияланған.

Перейти к новостям спорта