Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Олар төмен түсіп, құбырды жөндей бастағанда, жер опырылып түсіп, оларды басып қалған.
Олардың мәйіттері ордан шығарылды. Бірер күн бұрын екі отбасында жерлеу рәсімдері өтті.
“Маусымның 18-і күні "Жұлдыз" шағын ауданында үйдің жанынан шұңқыр қазу кезінде су құбыры істен шығып, екі ер адам жер астында қалып, қаза тапты. Тергеу жүріп жатыр”, – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.