Гей, лесбянка екендерін мойындап каминг-аут жасаған қазақстандық жұлдыздар кімдер? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гей, лесбянка екендерін мойындап каминг-аут жасаған қазақстандық жұлдыздар кімдер?

Гей, лесбянка екендерін мойындап каминг-аут жасаған қазақстандық жұлдыздар кімдер?

Өзгелерге ұқсамайтын, өздерінің гей, лесбянка екендерін мойындап каминг-аут жасаған қазақстандық жұлдыздар кімдер?

  • 21 Маусым 2022
  • 1915
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актриса Дарья Александрова бірнеше лесбянка қыздармен қарым-қатынас құрғанын мойындаған болатын.

"Менің лесбянка қызға көңілім ауған болатын. Ол жігітке ұқсайтын. Мінезі де сондай ер адамға ұқсайтын. Бірақ өзіне қарап алған, әдемі қыз болатын. Бірақ ол махаббат жауапсыз болды, өйткені ол қыздың өзге махаббаты болған", — деді актриса.

Дарья Александрова қазір тұрмысқа шықты, бір ұлы мен бір қызы бар.

2020 жылы продюсер әрі тележүргізуші Абдель Мұхтаров өзінің гей екенін мойындаған болатын.

"Үш жыл бұрын мен достарыма, туғандарыма және жақындарыма гей екенімді мойындадым. Бұрын өмірімде қабылдаған бұл ең дұрыс шешім болды. Мен қандай екеніме мақтанамын", — деді продюсер әрі тележүргізуші.

Әнші Фарема Қазақпаева да кезінде лесбян қызбен жүргенін мойындады.

"Иә, мен қызбен жүріп, тіпті бірге тұрған болатынмын. Біреуімен үш жыл, ал екіншісімен екі жыл тұрдым. Мен бәрін шынайы ата-анама айтып бердім. Олар мені қалай бар, солай жақсы көреді", — деді әнші.