Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Қазіргі таңда бас имам Түркияның Стамбул қаласына ем қабылдау үстінде.
"Әкем, ақ қан дертіне (рак крови) шалдығып ,еміне жұлын трансплантациясы қажет!
Алматы облысы Үшқоңыр мешітінің бас имамы- Арман Оразұлы 1996 жылдан бері Дін саласында аяулы Ислам дініне аянбай қызмет етіп келеді. Арман қажы жүздеген шәкірт тәрбиелеп, жетімдер мен жесірлерге қайырымдылық жасаудан шаршамайтын. Көмектеріңізді аямауларыңызды өтінеміз, деп жазды қызы Зайтуна Бекбосынова.
Алматы облысы бойныша бас имам Қуаныш Бақытбекұлы да дертке шалдыққан Үшқоңыр аулы имамның жағдайын айтып жеткізді. 25 жылдан бері ҚМДБ өкілі болып табылатын имам, дін саласында көп еңбек сііңірген.