"Жағын айырып, Қапшағайдың суына ағызып жіберем". Журналист қыз өзіне осылай деген композиторға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жағын айырып, Қапшағайдың суына ағызып жіберем". Журналист қыз өзіне осылай деген композиторға жауап берді

"Жағын айырып, Қапшағайдың суына ағызып жіберем". Журналист қыз өзіне осылай деген композиторға жауап берді

Әлеуметтік желіде компазитор Қалдыбек Құрманәлі мен журналист Аружан Дүйсебаеваның арасындағы дау басылар емес. "Жағын айырып, суға ағызып жіберемін" деген компазиторды журналист қыз "қоғамдағы әумесер" деп атап, өз жауабын берді.  

  • 28 Маусым 2022
  • 5940
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Қалдыбек Құрманәлі — сіз екен ғой менің жағымды айырып, Жанболат Мамаймен бірге суға ағызып жіберетін. Білмей жүр едік. Бар жауабым осы видеода деп жазды журналист фейсбуктегі парақшасында. 

—  Мен үшін Қалдыбек Құрманәлі менің етегімді аңдып, қыз немесе қыз еместігімді айтып жүрген қоғамдағы бір әумесер адам, дейді. 

Журналисттің айтуынша, әнші Сәкен Майғазиевтен Шымкенттің мәдениет саласына бөлінген 595 миллион теңгенің есебін беруін талап еткен. Себебі, қарапайым халықтың салығынан төленген қаржы болатын дейді. Сәкен Майғазиев қаржының есебін бере алмай, журналистті 3 рет сотқа беріп, арызын қайтарып алған. Екі күннен соң, есепшілері пара ұсынып, қамалғандығын білесіздер деп бар жайтты ақтарды. 

Онымен қоса, Қалдыбек Құрманәліге елді, халықты ойлайтын болсаңыз, қаңтардағы қырғында неге үнсіз қалдыңыз. Неге әнші Майғазиевті сонша жақтап, жалпақтап жүрсіз? Жағымпаз адам болмасаңыз балаңыздың есімін Иманғали Тасмағамбетов деп неге бірден екі есім бердіңіз? деп айтты. 

Сондай-ақ Абзал Достияров есімді қолданушы фейсбуктегі парақшасында мынадай жазба жариялады. 

"Мына Қалдыбек Құрманәлі деген ардан безген адамды барлығыңыз білесіздер, бір жыл бұрын Сәкен Майғазиевтің жемқорлығын әшкерелеген Аружан Дүйсебаеваны қаралап,өзінің қызындай жас қыз туралы былапыт сөз айтқанын (адам аузы бармайды) кейін оны өзгертіп, басын алып қашқаны белгілі. Бүкіл ел Қалдыбекті жерден алып,жерге салғаннан соң үні өшкен.

Енді міне бүгін журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында тағы да мәдениетсіздік танытып, сұраққа жауап бере алмай студиядан қашып кетпек болды, Аманның табанды талабынан кейін қайта отыруға мәжбүр болды.

Сондағы көпірме сөздерінің бір мәні жоқ,журналистке қандай сұрақ қоюды үйретіп отыр,Сәкен Майғазиевтің жемқорлығы бойынша Антикор іс қозғанын есіне алар емес.


Сөзінің соңында Аружан Дүйсебаеваның жағын айырып,Қапшағайдың суына ағызып жібергісі келетінін айтып, Мамайымен қоса деген сөзді қосып қойды.  

Бұл Құрмәнәлінің адами қасиеттен жұрдай екенін бұрыннан білетінбіз, Шәмші Қалдаяқовтың,Мұхтар Шахановтың ән кештерін өткізіп ақша тауып жүрген,"Қалдаяқовтар мүсәпір, Шәмшіні мен таныттым"-деп көкіп жүргеніне Шәмшінің туыстары өкпелі екенін білеміз", деп жазды ол.

 

Қалдыбек Құрманәлі — сіз екен ғой менің жағымды айырып, Жанболат Мамаймен бірге суға ағызып жіберетін😆. Білмей жүр едік. Бар жауабым осы видеода⬇️⬇️⬇️

Posted by Аружан Дүйсебаева on Friday, June 24, 2022

 

Мына Қалдыбек Құрманәлі деген ардан безген адамды барлығыңыз білесіздер,бір жыл бұрын Сәкен Майғазиевтің жемқорлығын…

Posted by Абзал Достияров on Friday, June 24, 2022