Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғамдық резонанс тудырған оқиға 2019 жылдың 18 тамызына қараған түні болды. Тергеу мәліметтері бойынша, полицейлер Вадим Мұстафин, Вячеслав Тропин және Андрей Бессарабов кезекшілік уақытында Чайковский көшесіндегі ғимараттың жанында жүрген қызды ұстап алып, зорлық-зомбылықпен қорқытып, оны қызметтік көлікке отырғызып қорлайды.
Znak.com интернет-газетінің мәліметтері бойынша, қыз ақша үшін жыныстық қызмет көрсетумен айналысқан, оның Ресей азаматтығы жоқ, өзі Қазақстанда туып өскен әйел.
Оқиғадан кейін қыз полицияға арызданған. Үшеуі де қызметтен босатылды.
2020 жылдың шілдесінде Ленин аудандық соты Мұстафинді 6,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ал Тропин мен Бессарабов 6 жылға колонияға қамалды.
2021 жылдың қараша айында Екатеринбургтің сол Ленин аудандық соты бұрынғы үш полиция қызметкерін ақтады. Алайда, 2022 жылдың ақпан айында Свердлов облыстық соты ақтау үкімін жойды. Сотталғандар сот залында қамауға алынды.