Абхазиялық такси компаниясы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джо Байденді "қара тізімге" енгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абхазиялық такси компаниясы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джо Байденді "қара тізімге" енгізді

Абхазиялық такси компаниясы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джо Байденді "қара тізімге" енгізді

Абхазия Тоқаевтың мәлімдемесіне ренжіп, оған такси қызметін пайдалануға тыйым салды.

  • 29 Маусым 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Компания директоры Александр Басария Газета.Ru-ға берген сұхбатында мұны Тоқаевтың Абхазия тәуелсіздігін мойындамауымен түсіндірді.

Оның айтуынша, Тоқаевтың сөзі тек компания қызметкерлерін емес, бүкіл республика халқын дүрліктіріп, намысына тиді. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 17 маусым күні Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда Донецк пен Луганскты тәуелсіз ел деп мойындамайтынын мәлімдемеді.

"Біз Тайваньді, Косовоны, Оңтүстік Осетияны және Абхазияны да мойындамаймыз. Біз бұл принципті сонымен қоса Луганск және Донецк квазимемлекеттік бірлестіктеріне қатысты қолданамыз", –  деді мемлекет басшысы.

"Біз абхазиялық компаниямыз. Сан ғасырлық тарихы бар біздің еліміздің тәуелсіздігін мойындау қажет және мүмкін деп санамайтын және біздің елді "квазимемлекет" деп көретін жолаушыларды тасымалдау біз үшін жағымсыз болып отыр. Қазақстанның тарихынан әлдеқайда ерте бастау алған еліміздің тарихын біз білеміз. 

Тоқаевтың пікірін бейсаяси-қисынсыз деп санаймыз. Оның сөзі Абхазия тарихы мен азаматтардың сезімінің аяққа таптайды. Дипломатия саяси сыпайылықты қажет етеді. Өкінішке қарай, ол Тоқаевта жоқ болып шықты. АҚШ пен Еуропа мысалында заманауи саясат санкциялар мен қара тізімдер тәжірибесін көрсетті. Мұндай тәсілді бізге де қолдануға болады деп санаймын. Сондықтан бұл мәлімдемеге "А-Такси" компаниясы қарсы шара қолданды", — деді такси компаниясының директоры. 


Қара тізімнен шығу үшін Тоқаев Абхазия тұрғындарынан кешірім сұрап, мемлекеттің тәуелсіздігін мойындауы керек.