Солтүстік Қазақстан облысында ер адам балаларының көзінше әйелін, сосын өзін атып тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында ер адам балаларының көзінше әйелін, сосын өзін атып тастаған

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам балаларының көзінше әйелін, сосын өзін атып тастаған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында ерлі-зайыпты арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Күйеуі әйелін атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған. Марқұмдардың артында 3 баласы қалды.

  • 30 Маусым 2022
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, оқыс оқиға 27 маусым күні Айыртау ауданының Лобаново елді мекенінде таңғы сағат 5.00 шамасында болған. Полицияға түскен шақыртудан кейін мекенжайға жедел жеткен тергеу тобы үйден зорлық-зомбылық белгілері бар екі мәйітті тапты. Кейін олардың 33 жастағы әйел мен 36 жастағы ер адам екені анықталды.

Қайғылы оқиға жайында полицияға ерлі-зайыптының балалары хабарлаған. Олар жанжал кезінде үйде болған. Оқиға орнынан аңшылық мылтық тәркіленді. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі "Ауырлататын мән-жайлардағы кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Жетім қалған, кәмелет жасына толмаған үш бала Айыртау ауданының Саумалкөл ауылындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды.


Оқиғаның негізгі нұсқаларының бірі бойынша, 36 жастағы ауыл тұрғыны жанжал кезінде әйеліне мылтық кезеп, атқан. Оның жан тапсырғанын көргеннен кейін мылтықпен өзін-өзі өлтірген. Алайда негізгі қорытынды тергеу нәтижелерінен кейін шығарылады.

Қылмыстық іс бойынша қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысын облыс прокуратурасы бақылауға алды.