Қазақстанның көк байрағын желбіреткен қазіргі заманғы алғашқы танкерлер Каспий теңізінде 2004-жылдың басында пайда болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның  көк байрағын желбіреткен қазіргі заманғы алғашқы танкерлер Каспий теңізінде 2004-жылдың басында пайда болуы мүмкін

Қазақстанның көк байрағын желбіреткен қазіргі заманғы алғашқы танкерлер Каспий теңізінде 2004-жылдың басында пайда болуы мүмкін

Қазақстан Республикасының 2008-жылға дейін есептелген көлік саясатына сәйкес Қазақстанда теңіз транспортын дамыту жөніндегі тұғырнама жобасы жасалды. Онда осы саладағы инвестициялық саясат, техникалық база , инфрақұрылым және флот құру жобалары қамтылған. Қазіргі таңда "Қазақтеңізкөлікфлоты" Ұлттық компаниясы 6 Ресейлік, 4 Әзербайжандық, 2 Ирандық мұнай тасымалдаушы кемелерді жалға алып отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне компаниядан хабарлады.

  • 8 Қыркүйек 2003
  • 784
Фото - Caravan.kz

«Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық компаниясы жұмыс істей бастаған 1998-жылдан бері 3-5 мың тонналық сыйымдылығы бар танкерлер пайдаланылып келді. Қазір бұдан әлдеқайда ірі көлемдегі тасымалдаушы кемелер қажеттігі туындап отыр.

Сыйымдылығы 12 мың тоннаға дейін мұнай тасымалдаушы ірі танкерлер жасау және жобалау құқығы жөніндегі байқауға Германия, Польша, Түркия және Ресейлік кеме жасаушы компаниялар қатысты. Осы бағытта алғашқы тапсырыстар беріліп, Қазақстанның көк байрағын желбіреткен қазіргі заманғы алғашқы танкерлер Каспий теңізінде 2004-жылдың басында пайда болады деп күтілуде.
Сондай-ақ, кемелерге қызмет көрсетуші көмекші флот қажеттігі туындап отыр. Бүгінде шамамен 25 буксирлік кеме зәрулігі пайда болды. Бұл мақсатқа 242 млн. доллар қажет. Қажетті қаржының біраз бөлігі «2002-2005-жылға дейін ұлттық теңіз сауда флотын құру туралы» бағдарлама бойынша республикалық бюджетте қарастырылған.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық компаниясы Қара теңіз айлақтары арқылы дүниежүзілік рынокқа мұнай тасымалдау және танкерлік флот құрылысын салу үшін Қазақстан мен Грецияның бірлескен кәсіпорнын құрды. Сондай-ақ, «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық компаниясының директорлары кеңесі Новороссийск пароход шаруашылығына қарасты «Новошип» кәсіпорнымен бірлесе отырып «Ойл Стрим Шипинг» деп аталатын Бірлескен кәсіпорын құру туралы шешім қабылдаған. 50Х50 үлеспен құрылған бұл кәсіпорын Қазақстан мұнайын Қара теңіз айлағы арқылы танкерлермен тасымалдау жұмысымен айналысады.