"Сүйінші": Сәкен Майғазиветің әйелі қуанышты жаңалығымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сүйінші": Сәкен Майғазиветің әйелі қуанышты жаңалығымен бөлісті

"Сүйінші": Сәкен Майғазиветің әйелі қуанышты жаңалығымен бөлісті

Әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара Майғазиева отбасындағы сүйінші жаңалығымен бөлісті.

  • 16 Маусым
  • 1
Фото: Instagram/dinara_maigaziyeva

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Сүйінші! Немерелі болып жатырмыз! Абай атамыздың: «адамның бір қызығы-бала», деген сөзін көп ойлаушы ем, «неге бар қызығы» демеген деп… Келін келіп, Әдиямыз жанымызда жүрген жылға жуық уақыт тіпті, осы «қызықтар» ойымнан шықпай жүрді. Жас кезімізде шынында, баланы бар қызығымыз деп ойлауға уақыт та, сезім де, даналылық та жете бермейді екен ғой.

Әдиямыздың аяғы ауыр, жерік кезінде де тіл-көзден қорғағаным ба, айтпауға тырыстым. Ал, бүгін жанымды шүберекке түйіп, аман болса екен деп Аллаға жалбарынған сәттердің жемісі — «Сүйінші!» деп, кеудемді керген қуанышпен бөліскелі отырмын.

«Бір қызығымыз» деп жүрген Әділетіміз әке болғанда, атасы мен әжесінің «бар қызығы» болып, жарық дүниеге немереміз келіп жатыр! «Қыз — ырыс» дейтін қазағымнан айналдым! Ізгілік пен мейірімнің бастауы болып, мына әлемді қуанышқа бөлейтін кішкентай Адам, қош келдің! Баршаңызға жұғысты болсын», — деп жазды ол.