Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдай мен коменданттық сағат енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдай мен коменданттық сағат енгізілді

Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдай мен коменданттық сағат енгізілді

 

  • 3 Шiлде 2022
  • 11
Фото - Caravan.kz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдай енгізді. Бұл туралы 2 шілдеде кешке мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖ режимі 2022 жылдың 3 шілдесі сағат 00.01-ден 2 тамыз сағат 00.00-ге дейін енгізіледі.

Бұл "азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында" жасалды.

ТЖ кезінде республикада 21.00-ден 07.00-ге дейін коменданттық сағат болады. Комендатураның басшысы болып Өзбекстан Ұлттық ұланының қолбасшысы Рустам Джураев тағайындалды. Қарақалпақстанға кіруге және одан шығуға шектеу қойылды, бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды. Бұл туралы Өзбекстан Ұлттық гвардиясының
Telegram
-арнасында хабарланды.