Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Адырна" порталына сілтеме жасап хабарлайды.
— Қарақалпақтардың Ибрагим Юсупов деген ақыны бар. Сол кісі: «Біз Абайды жатқа білген халықпыз»,– дейді. Міне, Абайға деген құрметі қандай?! Демек, олардың қазаққа деген құрметі одан да жоғары болып тұр ғой. Нүкістегі халық институтында өмір бойы қызмет істеген Еркебай Мергенбаев деген қазақтың азаматы болды. Филология ғылымдарының кандидаты, қазақтың көптеген ғалымы оны біледі. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі орыс болып отырған кезде бұл кісінің «Сөз өзгерім» деген жүйесі тіл біліміндегі қорғатылмады. Оны таратуға мүмкіндік жасалмады. Мен сол ағамыздың үйінде болдым. Сонда көзіне жас алып, талай әңгіме айтып берген. Айтуынша, Қарақалпақстанда «Қырық қыз», «Қыз кеткен» деген жерлер бар. Ғалым: «Бұндай атаулар қарақалпақтарда жоқ. Бәрі де қазақтың атаулары. Дәл осы дерек арқылы қазақтар мен қалпақтардың қоян-қолтық жақсы араласқандығына көз жеткізе аламыз.
— Өзбектер қарақалпақ жерінен не себепті айырылғысы келмейді?
— Біріншіден, олардың жері Өзбекстанның 40%-ын алып жатыр. 3 миллионға жуық халық тұрады. Екіншіден, Түркіменстанға тасымалданып отырған газ осы қарақалпақ жерінен жіберіледі. Қарақалпақ жері – өзбек қолындағы негізі қайнар көз. Сондықтан да олардың қарақалпақтардан айырылғысы жоқ. Үшіншіден, балық өндірісі де ерекше фактор болып отыр.
— Абылай ханды да өзбектер у беріп өлтірді деген дерек бар. Бұған не дейсіз?
— Иә. Сырымды да, Мұстафа Шоқайды да өзбектер өлтірген. Дінде біздің өзбектермен байланысымыз жоқ. Олар Әбу Ханифа мәзһабын жоққа шығарады. Тіпті айтуға тыйым салған. Ал біз және қарақалпақтар дәл осы Ханафи мәзһабын ұстанамыз. Тарихта қарақалпақтар қазақтардың құрамынан көрініп отырған. Өзбектердің құрамында бұл халық болды деп айтылмайды. Кез келген қазақ халқының көтерілісінің бір шебінде қарақалпақ жүрген. Абылай ханның қарақалпақ әйелі болған. Одан Уәли туған. Бұл туралы «Қаһар» романында айтылған.
Сұхбаттың толық нұсқасы мына жерде.