Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Танымал журналист, көпшіліктің жүрегін жаулаған "Ақжүніс" бағдарламасының тележүргізушісі Сәуле ханымның атағы да, марапаты да жоғы айтылды.
Бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
— Апай, сізді неге ешқандай атақ, марапатқа ұсынбайды, сіз лайықсыз ғой…, деп сауал қойылған.
— Лайық емеспін. Менің географиям да, биографиям
да, руым да, мінезім де, еңбегім де лайық емес…
Атақты керек еткен адамдарға береді… атақсыз
өмір сүрген әлдеқайда рахат!.. Өзіме осы өмірім
ұнайды, атақ-даңқсыз пыросты Сәуле ұнайды!.., деп жазды.