Антикор басшысы: "Құйтырқы" схемалардың артында ықпалды тұлғалар тұрды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Антикор басшысы: "Құйтырқы" схемалардың артында ықпалды тұлғалар тұрды

Антикор басшысы: "Құйтырқы" схемалардың артында ықпалды тұлғалар тұрды

 

  • 8 Шiлде 2022
  • 59
Фото - Caravan.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Олжас Бектенов Қазақстандағы "құйтырқы" схемалардың артында табысын шетелде жасырған ықпалды тұлғалар тұрғанын айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында Бектенов жалпы құны 57 миллиард теңге болатын 600-ден аса теміржолдың мемлекеттік бақылауға алынғанын айтты.

"Әңгіме "соңғы шақырым" туралы. Шығынды тікелей өтеуден бөлек, әлеуметтік-экономикалық әсері де бар. Мысалы теміржол тасымалдаушылары үшін тарифтер 14 есеге – 2200 теңгеден 147 теңгеге дейін төмендеген. Мұндай "құйтырқы" схемалар артында көбіне "көлеңкелі" кірістерін шетелде жасыратын ықпалды тұлғалар тұрды", — деді Антикор басшысы.