“Бір адамға сын айтам деп миллион адамнан ауыр сөз естіді.“ Гүлзира Айдарбекова Зейнеп Ахметованы сынап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Бір адамға сын айтам деп миллион адамнан  ауыр сөз естіді.“ Гүлзира Айдарбекова Зейнеп Ахметованы сынап тастады

“Бір адамға сын айтам деп миллион адамнан ауыр сөз естіді.“ Гүлзира Айдарбекова Зейнеп Ахметованы сынап тастады

Гүлзира Айдарбекова Мақпалды "албасты" деген Зейнеп Ахметованы сынға алды.
Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіге осы жайлы жазба жариялаған болатын. Сол жазбаға продюсер ханым өз пікірін жазды.

  • 8 Шiлде 2022
  • 16434
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Меруерт Түсіпбаева:

"Маңдайға жазылған тағдыр деген болады, Зейнеп әпке. Сізге ақыл айтуым мүмкін емес. Дегенмен, мектепте оқып жүргенімде, Мақпал әпкемнің жатақханадағы адресін тауып, қолым дірілдеп, 18 рет жазып, 17 рет ол хатты жыртқан, өнеріне табынатын бір қазақтың қызы ретінде сізге жауап берейінші. Өз басым осы әріптес болғалы, Мақпал Жүнісованың фонограммамен ән айтқанын естімеппін. Көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған, танымал тұлғаны "албасты" дегеніңіз артықтау болды деп ойлаймын", — жазған болатын.

Меруерт Түсіпбаеваның бұл жазбасына продюсер Гүлзира Айдарбекова да пікір қалдырған. Ол елдің ерке қызына сын айтамын деп, қартайғанда абыройдан айырылу жаман екенін айтқысы келді.


"Халықтың алдында жүрген кісілердің бірін-бірі даттап отырғаны өте орынсыз. Қанша мықтының мықтысы болса да, біреудің қақысына кіріп керегі не? Бір адамға сын айтам деп миллиондаған адамнан қаншама ауыр сөз естіді. Мақпал елдің ерке қызы",- деп сөзін аяқтады Гүлзира Айдарбекова.

https://www.instagram.com/p/CfrILU5NTN5/?igshid=YmMyMTA2M2Y=