"Ішпейді, жемейді, әжетханаға шықпайды": Көлікке таласқан сұмдық ойын жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ішпейді, жемейді, әжетханаға шықпайды": Көлікке таласқан сұмдық ойын жарияланды

"Ішпейді, жемейді, әжетханаға шықпайды": Көлікке таласқан сұмдық ойын жарияланды

Көлік ұту үшін сұмдық шарттарды орындауды талап ететін ойынға көпшілік шошыды. Тепсе темір үзетін азаматтар көрпе салып көшеде жатыр. 

  • 8 Шiлде 2022
  • 221
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде көлікке ұтыс ойыны ойнатылып жатқан видео жарияланды. Ойнатылып жатқан көліктің маркасы BMV. 

— Трубаны ең соңғы кім ұстап қалады, сол ұтады. Ойынның шартында темірді ұстап тұру керек. Әжетханаға шықпайды, ішпейді, жемейді. Сол ұстаған темірді ұстап тұру керек. Ең соңында 10 адам қалғанда, ұтысқа тігілген машинаны ұстап тұру керек. Ойыннан қазірдің өзінде 6 адам шығып кетті. Бұдан артық не демалыс керек, қолдарында телфон, ұйықтап демалып жатады, дейді ойын шартын түсіндірген Абылай есімді жігіт. 

Оқырмандар "мынау неткен қорлау", "намазды осылай күтсе ғой", "Қайран уақыт-ай" деп жазды.