Желі пайдаланушылары жағдайға әзілдеп, қошқарға демеу сөздер айтты.
”Ботаникалық саябаққа қашып, бұталар арасына тығыл”, “Соңына дейін күрес!”, “Байқұс мал, өмір сүргісі келіп, қашып бара жатыр” деп жазды желі қолданушылары.
Бейнежазбаны елордалық полиция оқиға орнына барса да, мал да, оның иесі де табылмаған.
“Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер жақын маңдағы полиция жасағын жіберді. Тексеру кезінде үй жануары жолдан табылмады”, – деді Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.