Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Желіде суға кетіп бара жатқан кішкентай баланы құтқарамын деп өздері суға кеткен екі азаматтың видеосы тарады.
Үлкен болмағанымен ағысы қатты суға баланы құтқаруға келген полиция өкілдері қаза тапқан деп жазылған.
"Алла сақтасын. Бұл Тараз қаласы, Шөлдала ауылы екі ер азаматымыз иманды болсын. Әлі өмір көрмеген баланы құтқарып жандары берген ер азаматтарымыз аман болсын", " Мынадай форма бар ма бізде", деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, видео нақты қай елде, қай мекенде түсірілгені жайлы ешқандай ақпарат айтылмаған. Көпшілік көрші Қытайда болған оқиға деп болжауда.
https://www.instagram.com/p/Cf4Yic5K3rMK8r7I4X_uG8uJrjXbVJiznKXJ1k0/?igshid=YmMyMTA2M2Y=