Смайылов КҚК жағдайына қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Смайылов КҚК жағдайына қатысты пікір білдірді

Смайылов КҚК жағдайына қатысты пікір білдірді

 

  • 13 Шiлде 2022
  • 713
Фото - Caravan.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан мұнайын Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы жөнелтуге қатысты жағдай туралы айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"5 шілдеде Новороссийсктегі аудан соты КҚК жұмысына бір айға шектеу қойды. 6 шілдеде біз ресейлік әріптесіміз – Үкімет төрағасымен байланысып, сол күні бұл мәселені шештік. КҚК құбырының жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр. Мұнай экспортына ешқандай шектеу жоқ", — деді Үкімет басшысы Qazaqstan телеарнасындағы "Жаңа Қазақстан" бағдарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Новороссийск қаласындағы аудандық сот Каспий құбыр консорциумының қызметін 30 күнге тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Кейін Ресей соты КҚК жұмысын тоқтату туралы шешімді 200 мың рубль айыппұл төлеуге
өзгертті
.