Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,81-1,82 процентке арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,81-1,82 процентке арзандады

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,81-1,82 процентке арзандады

11-қыркүйектегі сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,82 процентке , NYMEX шикізат биржасында 1,81 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

  • 12 Қыркүйек 2003
  • 381
Фото - Caravan.kz

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қазандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 27,00 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қазандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,81 процентке арзандап 28 доллар 82 центті құрады.

Перейти к новостям спорта