Айгүл Иманбаева ата-анасы мен әкесінің екінші жұбайын көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Иманбаева ата-анасы мен әкесінің екінші жұбайын көрсетті

Айгүл Иманбаева ата-анасы мен әкесінің екінші жұбайын көрсетті


Айгүл Иманбаева көпшілікке ата-анасы мен әкесінің екінші жұбайын көрсетті. Ұзақ жылдар бойы араласпаған бұрынғы жұбайлар ортақ туыстарының тойында бас қосқан. Иманбаеваның айтуынша, бүгінде қарым-қатынастары түзелген, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 14 Шiлде 2022
  • 6431
Фото - Caravan.kz

Актриса бала кезінде ата-анасының ажырасуынан өмірлік сабақ алғанын айтты.

"Ай өмір-ай. Берері таусылмайтын Жаратушымның құдіреті-ай. Біз асыққанмен Алла асықпай бәрін орнына қойып, маған қаншама нәрсені түсіндіріп, кемелдендіріп, тереңдетіп, нағыз өмірді сүруім үшінде әке-шешемді екі жаққа жіберіп, өзіме күресуді үйреткенің үшін алғысым шексіз. Барлық тағдыр тауқыметіме алғыс айтамын.

Бүгін әжеміз Гүлжанның екінші атамыздан тараған ұлы Камиль ағамыздың шаңырағындағы қуанышта бас қостық! Әкемнің екінші жолласы Нұрбала анамыз да фотода бар. Бұл күнімізге де сансыз алғыс жаратқан ием", — деп жазды Иманбаева.