ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі екі дербес министрлікке бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі екі дербес министрлікке бөлінді

ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі екі дербес министрлікке бөлінді

Республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіру туралы " жарлыққа қол қойды. ҚР Конституциясының 44-бабы, 3-бөліміне сәйкес аталмыш жарлық бойынша ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі қайтадан құрылып, ҚР мәдениет министрлігі, ҚР ақпарат министрлігі деген екі министрлікке бөлінді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Қыркүйек 2003
  • 738
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты үкіметке қайта құрылатын мемлекеттік органның штаттық құрамын айқындап, аталмыш жарлықты жүзеге асыру шараларын ұйымдастыру туралы тапсырма берілді.

ҚР президентінің 2003-жылғы 13-қыркүйектегі жарлығына сәйкес ҚР мәдениет министрі болып Дүйсен Қасейінов тағайындалды.
56 жастағы Д.Қасейінов Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясы мен П.Чайковский атындағы Мәскеу консерваторияларын бітірген. Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер ағылшын және испан тілдерін меңгерген. Еліміздегі мәдени мұраларды сақтап қалу және дамыту жөніндегі коммерциялық емес «Асыл мұра» атты республикалық жобаның қамқоршылар кеңесінің төрағасы, «Дегдар» қайырымдылық қорының президенті, 2001-жылдың мамыр айынан бері ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің орынбасары.
Ал ҚР ақпарат министрі болып Сауытбек Әбдірахманов тағайындалды.
52 жастағы С.Әбдірахманов С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетін бітірген, журналист. 1995-жылдан бері ҚР мәдениет министрінің орынбасары, 1997-жылдан бері «Қазақстан радио және теледидары » Республикалық корпорациясының вице-президенті, 2000-жылдың желтоқсан айынан бері «Республикалық «Егемен Қазақстан»газеті» АҚ-ның президенті болды.