Алматы облыстық полициясы келініне дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетпеу салдарынан өлімге душар еткен 65 жастағы әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облыстық полициясы келініне дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетпеу салдарынан өлімге душар еткен 65 жастағы әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғады

Алматы облыстық полициясы келініне дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетпеу салдарынан өлімге душар еткен 65 жастағы әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғады

Алматы облысы Кербұлақ аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері келініне дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетпеу салдарынан өлімге душар еткен 65 жастағы әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 15 Қыркүйек 2003
  • 476
Фото - Caravan.kz

Полицияның ақпаратына сәйкес, Сарыбұлақ ауылында тұратын 65 жастағы бір әйел өз ұлының жұбайын сабап жарақаттау оқиғасына куәгер болады. Соның салдарынан ауыр жарақаттанған келіншегіне дәрігерлерді шақырмақ болғанда, жігіттің шешесі оларды шақыруға тыйым салып, келінін өз бетімен қарадүрсін емдеуге кіріседі. Алайда, жарақат салдарынан жас әйел қаза тапты.

Аталмыш дерек бойынша, қайтыс болған әйелдің күйеуінің үстінен «Жәбірленушінің өліміне апарып соғатындай деңгейде денсаулығына қасақана нұқсан келтіру» жөніндегі ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабы, 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында дәрігерлерді шақыруға айыпкердің шешесі мұрсат бермегені белгілі болды. Соған байланысты полиция әйелдің үстінен «Қауіпті жағдайда қалдыру» жөніндегі ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы, 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің бұл бабы өте сирек қолданылады.