2006-жылға дейін Достық-Алашанькоу теміржол өткелегі арқылы өтетін жүк ағынын жылына 10 млн. тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006-жылға дейін Достық-Алашанькоу теміржол өткелегі арқылы өтетін  жүк ағынын жылына 10 млн. тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр

2006-жылға дейін Достық-Алашанькоу теміржол өткелегі арқылы өтетін жүк ағынын жылына 10 млн. тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр

2006-жылға дейін Достық-Алашанькоу теміржол өткелегі арқылы өтетін жүк ағынын жылына 10 млн. тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін, 15-қыркүйекте Алматыда Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы шекаралық теміржолдардың аралас комиссияларының 12-кеңесінің ашылуында "Қазақстан темір жолы ҰК" ЖАҚ-ның вице-президенті Кәрім Көкірекбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Қыркүйек 2003
  • 443
Фото - Caravan.kz

К.Көкірекбаевтың сөзіне қарағанда, Достық станциясының өткізгіштік қабілетін арттыру үшін 14 млрд. теңге қажет, оның 10 млрд. теңгесін «Қазақстан темір жолы ҰК» ЖАҚ бөлгелі отыр. Бұл қаржы теміржолдың инфрақұрылымдық нысандарын салуға, Ақтоғай-Достық теміржол учаскесін жаңалауға, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды салуға жұмсалады.

2002-жылы Достық станциясы арқылы 5800 мың тонна жүк тасымалданса, 2003-жылы бұл көлемді 7 млн. тоннаға, ал 2004-жылы 8 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр.