Павлодарда үшем дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда үшем дүниеге келді

Павлодарда үшем дүниеге келді

 

  • 17 Шiлде 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz

Павлодар қаласының тұрғыны Айгүлім Қабиденова облыстық перинаталдық орталықта үш сәбиді дүниеге әкелді, деп жазды Pavlodarnews.kz.

Қыздардың есімі – Амина, Карима, ұлдың аты – Әлімжан. Әрқайсысының салмағы 2 келіден астам, бойы – 47,48,49 см.

«Әрине, барлығы Алланың қалауымен болады ғой. Бұл — Алланың бізге берген теңдессіз сыйы. Сәбилердің дені сау, аман болсын. Келініміз үлкен батылдық танытты. Жүктілік кезінде де көңілімізді тауып, жағдайымызды жасап, үйдің берекесін келтіріп жүрді. Балалар айы-күні толық жетіп дүниеге келді. Қуанышымызда шек жоқ», — дейді шақалақтардың әжесі Ағайша Шәріпова.

Үшемнің әкесі Рымбек Қабиденовты құттықтауға әріптестері — «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко бастаған ұжым келді.


«Партия «Бақытты отбасы» маңызды әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Енді міне, әріптесіміздің отбасында төрт бала бар. Бұл – үлкен қуаныш және сонымен бірге үлкен жауапкершілік. Балалардың болашағы жарқын болсын!», — деді Илья Теренченко.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл — биыл Павлодар облысында дүниеге келген үшінші үшем.