Сондай-ақ, жалпы отырыстың күн тәртібінде елімізде фармацевтикалық бақылауды күшейту жолдарын қарастыратын депутаттық түзетулер мен Республикалық Гвардия туралы заңға үкімет тарапынан ұсынылып отырған өзгертулер мен толықтырулар қаралады.
Сонымен бірге онда Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы өткелектер туралы Келісімді бекіту туралы заң жобасы талқыланып, бұл құжат туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры Болат Зәкиев баяндама жасайды .