Қазақстаннан Уфа қаласына жаңа әуе рейстері ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаннан Уфа қаласына жаңа әуе рейстері ашылады

Қазақстаннан Уфа қаласына жаңа әуе рейстері ашылады

Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Ресейдің авиация билігімен бірлесіп, Алматы – Уфа жаңа бағытын ашу мәселесін пысықтады.

  • 18 Шiлде 2022
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша, ресейлік "Red Wings" әуе компаниясы биыл 4 тамыздан бастап Алматы – Уфа бағыты бойынша ұшады. Рейс бейсенбі сайын, аптасына 1 рет орындалады.

Сондай-ақ 4 тамыздан Нұр-Сұлтан – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсі ашылады. Әуе рейсі аптасына бір рет, бейсенбі сайын ұшады.

Жолаушылар SU-95 типті ұшақпен тасымалданады.


Билеттер әуе компаниясының ресми сайтында сатылады.

Авиация комитеті Қазақстан мен Ресей арасында жаңа рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті.