Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Түп ауданының 70 жастағы тұрғыны Райымбек ауданының Екіаша жайлауынан 270 мың теңгеге бағаланған 9 ірі қара малды ұрлады деген күдікпен ұсталды. Қазір тұтқынның қолынан ұрлыққа айғақ-заттар алынған. Қырғызстан азаматы Райымбек аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша тергеу қапасына қамалды.
Баспасөз қызметіндегілердің атап көрсетуінше, бұл — көршілес республиканың азаматтары Қазақстан аумағында барымташылықпен айнылысуға қатысты алғашқы оқиға емес. Барымташылар ұрланған ірі қара малдарды кедендік бекеттерді айналып өтіп, таулар арқылы отанына жеткізуді кәсіпке айналдырып алған.