Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде қан-жоса болған қыздың видеосы тарап кетті. Көшедегі адамдар оны жерден көтеріп, көмек көрсетті. Жолда жас жігіт отыр.
"Бұл – менің қызым" деген сөзі де естіледі. Желі қолданушылары жанжалдың Төле би мен Байтұрсыновтың қиылысында, тура Алматы технологиялық университеттің жанында болғанын жазып жатыр.
Алматы қалалық полиция депаратменті әлеуметтік желідерге жүргізілетін мониторинг кезінде әйелді аяусыз ұру фактісінің болғанын анықтады.
"Күдікті жәбірленушінің танысы болып шықты. Ол ұсталды. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Кінәлі адам заң бойынша жауап береді. Депаратмент басшылығы тергеу шараларын жеке бақылауына алды", — дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тергеу шараларын бастап кетті.
Оған сәйкес, 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 360 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жүмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.