Елбасы ресми сапармен Молдоваға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы ресми сапармен Молдоваға барады

Елбасы ресми сапармен Молдоваға барады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің 16-18-күндері ресми сапармен Молдовада барады. Бүгін түстен кейін мемлекет басшысы Ақтаудан Кишинэу қаласына аттанып кетеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Қыркүйек 2003
  • 380
Фото - Caravan.kz

Бүгін кешкісін Н.Назарбаев пен Молдова президенті Владимир Ворониннің бейресми кездесуі өтеді. Ал сапардың ресми бөлігі 17-қыркүйек, сәрсенбіде басталады. Бұл күні Н.Назарбаев пен В.Воронин екеуара және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойылып, мемлекет басшылары баспасөз өкілдеріне арнап бірлескен мәлімдеме жасайды деп күтілуде.

17-қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Молдова үкімет басшысы Василе Тарлевпен және осы ел парламентінің төрағасы Еуджения Остапчукпен жүздеседі.
Кишинэу қаласында Н.Назарбаев Штефан чел Маренің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақпараттық технологиялар департаментін аралайды.
Сапар барысында ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев, ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтер Елбасымен бірге жүреді.