Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы қатерлі ісік дертіне шалдыққандардың саны бойынша елімізде Шығыс Қазақстан облысынан кейін екінші орында. Мәселен, Петропавл қаласында бүгінде қатерлі ісік дертіне шалдығу деңгейі әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 357 жағдайды құрайды, ал жалпы онкодиспансерде тіркеуде тұрғандар саны 8 мың адам.
Жаңа УЗИ-аппарат аурудың бастапқы сатысында асқан дәлдікпен диагноз қойып, ісіктің тығыздығы, сипаты мен шыққан жерін нақты анықтауға мүмкіндік береді,- дейді мамандар.
Онкодиспансердің жабдықтарын жаңалау жұмыстары алдағы уақытта одан әрі жалғасады. Атап айтсақ, облыстық бюджет есебінен өкпе және тік ішек ауруларын зерттеуге арналған фибробронхоскоп пен фиброколоноскоп алу көзделіп отыр.