"Әлі күнге дейін өз үйім жоқ": Белгілі әнші Құрмаш Махан баспанасыз екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әлі күнге дейін өз үйім жоқ": Белгілі әнші Құрмаш Махан баспанасыз екенін айтты

"Әлі күнге дейін өз үйім жоқ": Белгілі әнші Құрмаш Махан баспанасыз екенін айтты

Белгілі әнші Құрмаш Махан әлі күнге дейін үйі жоқ екенін, пәтер жалдап тұратынын жайып салды. 

  • 20 Шiлде 2022
  • 221
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әнші, сазгер Құрмаш Махан журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, ол әлі күнге баспанаға қол жеткізе алмапты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Әлі үйлі болған жоқпын, баспанам жоқ. Бірақ ол мен үшін мәселе емес. Ең бастысы бақытты адаммын. Мансап, дүние, ақша адамды бақытты қылмайды. Адамды бақытты қылатын басқа нәрсе. Мен дүниежиған жоқпын, жинай алмадым. Менің де керемет виллада тұрғым келеді, жақсы көлікпен жүргім келеді. Бірақ маған ол дүниелер әлі нәсіп болмады. Болашағымнан үміт үзбеймін. Құдай қаласа, болатын шығар. Егер мен дүниені мақсат етіп, соңынан кеткенде шығармашылығым жайына қалар еді. Мен де той қуалап кетер едім", — деді Құрмаш Махан.