Екі пәтерлі 15 үйдің барлығы да 15 соттық бау-бақша учаскесімен, үй ауласындағы қора-қопсымен қамтамасыз етілген. Ауыл тұрғындары бұл үйлер салынған көшені Қостанай көшесі деп атады.
Жалпы аумағы 2658 шаршы метрлік баспанамен бірге Қостанайлықтар жаңа үйлердің тұрғындарына кілемдер таратты. Көп балалы бір отбасына Ө.Шүкеев түрлі-түсті теледидар тарту етті.
Табиғи зілзаладан зардап шеккен аудандағы тұрғын үйлерді қалпына келтіруге Қостанай облыстық бюджетінен 130 млн. теңге бөлінді.