ТМД аясында тұңғыш рет Қазақстан, Қырғызстан, Латвия және Ресейдің 4 коммерциялық банкі жаңа банк альянсын құрды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД аясында тұңғыш рет Қазақстан, Қырғызстан, Латвия және Ресейдің 4 коммерциялық банкі жаңа банк альянсын құрды

ТМД аясында тұңғыш рет Қазақстан, Қырғызстан, Латвия және Ресейдің 4 коммерциялық банкі жаңа банк альянсын құрды

Бүгін, 18-қыркүйекте Алматыда Ресейдің "Диалог-Оптим", Қырғызстанның "Инэксимбанк", Қазақстанның "Темірбанкі" және Латвияның "Траста Комерцбанка" атты банктері арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

  • 19 Қыркүйек 2003
  • 413
Фото - Caravan.kz

Келісімге қол қойылғаннан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында бұл оқиғаға түсініктеме берген Қазақстан Темірбанкі басқармаларының төрағасы Олег Кононенконың айтуынша, ТМД банктері арасында бұған дейін осындай альянс құрылып көрген емес.

Бұл келісім Одаққа мүше-банктер арасындағы болашақ ынтымақтастыққа негіз болмақ. Құжат Одаққа қатысушы банктердің Ұлттық заңдарындағы ерекшеліктерді ескере отырып өзара бірлескен сауда-саттық жұмыстарын жүзеге асыруда жауапкершілік пен қауіп-қатерді тең бөлісу принциптерін мағлұмдайды.
Сондай-ақ, О.Кононенконың хабарлауынша, жоғарыда аталған келісіммен бірге Одаққа қатысушы банктер бұдан басқа да бірқатар құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл құжаттар банктер капиталында өзара үлес иемдену құрылымдарын дүниеге әкелумен бірге жаңадан құрылған альянсқа мүше банктердің рыноктағы өзара ықпалдастығының заңдық негізін қалайды.
«Бұдан басқа да бірнеше келісімге қол қойылады, оларға сәйкес банктер бір-бірінің акционеріне айналмақ. Біз бір-біріміздің миноритарлық , немесе 5 проценттен аз мөлшердегі акциялар пакетін сатып алмақпыз. Бұл бізді заңдық тұрғыда біріктіріп, өзара акционерлерге айналдырады»,- дейді О.Кононенко. Тараптар бұл орайда акциялардың жаңа эмиссиясын сатып алғалы отыр.