Өкілдер құрамына ҚР парламенті сенатының заң және құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы Е.Жұмабаев, ҚР Бас прокурорының орынбасары М.Ваисов, ҚР әділет министрінің орынбасары Ж.Асанов пен ҚР ІІМ-нің орынбасары И.Отто, Конституциялық кеңес мүшесі Қ.Әбішев пен Қазақстан адвокаттары Одағының төрағасы Р.Қуанышбаевтар қамтылды.
Өкілдердің АҚШ президентінің арнаулы көмекшісі Д.Фрид, АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Р.Армитадж, әділет және ішкі қауіпсіздік министрліктерінің өкілдерімен, сенатор С.Браунбек, конгрессмен Дж.Питтс, сондай-ақ, Халықаралық Республикалық Институт және Ұлттық Демократиялық институт тәрізді үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен кездесуінде Қазақстанда адам құқығын қорғау мен заңның билік құруына негізделген шынайы демократиялық мемлекет құрудың қазіргі ахуалы мен болашағы туралы ашық әрі мүдделі пікір алмасылды.
Қазақстандық өкілдер сапарының маңызы мен уақытын тапқан сапар екенін атап көрсеткен Р.Армитадж «екі ел арасындағы осынай іргелі саладағы етене қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңызын АҚШ өте жоғары бағалайды»,- деп атап көрсетті. Ол заңсыз адам саудасымен күрес және пенитенциарлық жүйені реформалауда Қазақстан қол жеткізген ілгерілеушіліктерді айрықша атап өтті. Американдық саясаткер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 10-қыркүйекте құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің алдында сөйлеген сөзінің маңызын жоғары бағалай отырып оны құқық қорғау саласындағы реформаларды тиімді жүзеге асыруға ынталандырады деп атап көрсетті.
АҚШ президентінің көмекшісі Д.Фридтің айтуынша, демократия және құқықтық реформалар саласындағы диалогты одан әрі өрбіту — екі ел президенттері Н.Назарбаев пен Дж.Буш «стратегиялық әріптестік» ретінде баға берген АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың негізгі бір құрамды бөлігі екенін атап өтті. Ол қауіпсіздік және лаңкестікпен күрес, экономика және энергетика салаларындағы екі жақты ынтымақтастықты толықтыра түсуде.
Ресми Вашингтон өкілдері АҚШ-тың ғаламдық лаңкестікке қарсы күресін қолдағаны, Ауғанстан және Ирак операциялары аясында көмек қолын созғаны үшін Қазақстанға ризашылық білдірді.
И.Роговтың атап көрсеткеніндей, «келешек басты мақсат- демократиялық институттарды одан әрі нығайту, қылмыстық заңдарды ізгіліктендіру, сот билігінің тәуелсіздігін нығайту болмақ. «Әрі біз американдық әріптестерімізбен екі арадағы бұл саладағы диалогты одан әрі өрбітуді қолдаймыз»,- деді ол.
Өкілдердің Вашингтон сапары аясында қызмет барысында қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған АҚШ Ұлттық Мемориалына гүл шоқтары қойылды. Өкілдер сапары Вашингтонда үлкен резонанс туғызып, АҚШ астанасындағы басылымдарда жарияланды.