Қазақстандық жас теннисші Германиядағы турнирдің финалына дейін жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жас теннисші Германиядағы турнирдің финалына дейін жетті

Қазақстандық жас теннисші Германиядағы турнирдің финалына дейін жетті

Германияның Вайблинген қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша екінші санаттағы турнир мәресіне жетті.

  • 25 Шiлде 2022
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, қазақстандық Дамир Жалғасбай финалда жарыстың бірінші ракеткасы, ресейлік Сава Рыбакинмен сынға түсті. Тартысты өткен бәсекеде ресейлік теннисші 7:6 (7:4), 4:6, 1:6 есебімен жеңіске жетті.

Германияның тағы бір қаласы — Дюренде 25 шілдеде 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша супер жарыс басталады.

Онда Қазақстан намысын әлемнің 14 жасқа дейінгілер арасында төртінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы, сондай-ақ Сәтима Төреген, Ариана Гогулина қорғайтын болады.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаевтың әлемдік рейтингіде жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізгенін жазған болатынбыз.