Жаңбыр, бұршақ және дауыл: синоптиктер ауа райы қандай болатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңбыр, бұршақ және дауыл: синоптиктер ауа райы қандай болатынын айтты

Жаңбыр, бұршақ және дауыл: синоптиктер ауа райы қандай болатынын айтты

Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ түседі деп болжап отыр Қазгидромет.

  • 25 Шiлде 2022
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. 26 шілдеде батыста, 27-28 шілдеде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ түседі деп күтілуде.

Күндіз республиканың батыс өңірлерінде ауа температурасы +25 +35°С-тан +30 +40°с-қа дейін көтеріледі. Ал елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде күндіз сынап бағанасы +30 +35°С-тан +20 +30°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.

Қазақстанның орталығында ауа температурасы +30 +38°С-тан +27 +35°С-қа дейін төмендейді, елдің шығысында +22 +32°С-тан +27 +38°С-қа дейін жоғарылайды.


Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында аптап ыстық болжанып отыр: +40 +45°С.

Ірі қалалардағы ауа райы

26 шілде Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде +20 градус, күндіз +30 градус.

Алматыда күн ашық, түнде +24 градус, күндіз +38 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық, түнде +29 градус, күндіз +42 градус ыстық.