Ұлттық экономика министрлігі мерекелер тізіміне толықтырулар енгізген. Тізімге мына күндер қосылған:
Кәсіпкерлер күні — 9 қыркүйек;
Жарнама маманы күні — 19 желтоқсан
Еске салайық, бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда жаңа мереке енгізу туралы қаулы жобасын дайындағаны хабарланған болатын. Оған сәйкес, Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болады: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні — 16 сәуір.