Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Электрсамокат жүргізу үшін жүргізуші куәлігінің болуы талап етілмейді. Электрсамокатпен жолға, велосипед жолына немесе қоғамдық көлік жолағына және жаяу жүргіншілерге арналған жолаққа шығатын жүргізушінің жасы 16-да болуы міндетті шарт болады", — деді Мұраталиев Facebook желісіндегі онлайн брифингте.
Сондай-ақ, оның айтуынша, электрсамокат түнде анық көрінетіндей жарық немесе жарық шағылыстырғыш жолақтармен жабдықталуы керек.
Мұраталиевтің айтуынша, биыл "Жол қозғалысы туралы" заңға, жол жүру ережелеріне, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізіледі.